Неге үнемі қашып жүресіз? Әкім Досаев жауап берді

Алматы әкімі Ерболат Досаевқа неге журналистерден қашып, жабық әкім позициясын ұстанады деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Журналист Тәуелсіздік күнінде алаңға шыққан Досаевқа басқа әріптестері сұрақ қойғысы келгенін, алайда қала әкімі оларды тыңдамай кетіп қалғанын айтты. 

"Мен жұмыс жағыма бара жатқан едім. Қашып жатқан ешкім жоқ. Халықтан, журналистерден қашып жүр демекші... Алматыда 32 кездесу өткіздім. Баспасөз қызметі өкілдерім де жанымда жүр. Біз сұрақтарға ашықпыз", - деп жауап берді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!