- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Неге тым ерте...
"Неге тым ерте кеттің?" Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі туралы жантебірентерлік жазба жариялады
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаев туралы әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, бүгін Қайрат Беркінбаев көзі тірі болса 57 жасқа толар еді.
"Әр жазған хатыңды, аудио хабарламаңды әлі де тыңдап тұрамын. Ұлдар үшін өзімді барынша ұстауға тырысып жүрмін, денсаулығымның сыр беріп жүргені болмаса… Қолымнан келіп жүрген сияқты. Арманымыз көп еді. "Үлкен ұлдарды үйлі етіп, қызды қияға қондырдым, енді осы екеуін аяқтандырсақ", - дейтін едің. Айтпақшы, ұлдардан минут сайын хабар алып тұрушы едің, сол әдетке үйренген кенжелерің кішкене қиналып жүрген сияқты. Жігіт қой, білдірмейді. Бірақ кеше Сағадат өксігін ашумен бірінші рет шығарды. Дәл осы сәтте орның қатты білінді, сен секілді демеу бола алмадым, кешір", - дейді тележүргізуші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің тематикалық туған күндерін барлық досы жақсы көргенін айтады.
"Есіңде ме, 2007 жылы Батырхан марқұм өзі құттықтап әнін арнаған еді, Марат пен Еркебұлан "Мен алдандым", - деп пранк жасағаны ше? Ал "Жігіттер" тобымен дует айтқаның?! Кездер-ай… Ұлдарды сүндетке отырғызып, үлкен той жасағанымыз ше? 70-80 жасыңды да дәл осылай тойлаймын деген арманың бар еді. Соңғы жылдары екеуміздің туған күнімізді біріктіріп жасап жүр едік. "Осы жылы Ләйлә, 45-ке толасың, жыл сайын менің туған күнімді ерекше ұйымдастырып бересің, биыл туған күніңді дүркіретіп жасап берем", - деп уәде беріп едің. 20 жылдыққа ақ көйлек кигіземін, үлкен қып той жасаймыз деп едің… Енді қашан?! Неге тым ерте кеттің? Ұлдардың қызығын бірге көреміз деген арманымыз қайда? Басымда жауабы жоқ мың сауал ғана… Топырағың торқа, иманың жолдас болып, пейіште нұрың шалқысын", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина