Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында тойда көңілі толмайтын бір жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, тойдың әншілері мен сахнаның әншілері араласып кеткен.
"Той - қазақтың тойы. Мен де тойға барамын. Туғаным, туысқаным шақырады. Әнші болған соң әу деп бір ауыз әніңді айтасың. Бірақ менің әнім тойға көп келе бермейді. Таза тойдың әні бар. ...Біз тойдың адамының көңілін көтереміз. Оның рөлі басқа. Соны айтсам адамдар түсінбейді. Мәдениетсіздеу қонақтар болады екен. Әніңді айтып тұрсаң, "Ее, Жеңіс, бері келші, суретке түсіп алайық" дейді. Менің оның сыныптасымын ба?! Менен он жас кіші жігіт. Мүмкін мені қарындасы деп ойлап тұрған шығар. Бірақ мен кіші болайын болмайды ғой, мен ән айтып тұрмын, жұмыс жасап тұрмын. Ол менің әнімді тыңдаудың орнына қолымнан тартып суретке түскісі келеді. Кейбіреулері бетіңнен сүйгісі келеді. Сахнада тұрсаң бетіңнен сүймейді ғой, қолыңнан жұлқылап суретке түспейді. Әрине, барлығы емес. Арасында бар (тойдағы адамдарға қатысты - еск.). Сондайдан қашамын. ...Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады. Болмайды, мәдениетсіздік қой. Мен біреудің анасымын, біреудің келіншегімін. Неге мені ішіп алған жігіт келіп, бетімнен былшылдатып сүйе беруі керек?!" - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!