- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шерзат Болат
Неге Шерзат Болаттың отбасына жаңа үй берілмеді? Әкім жауабы
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасына өрттен кейін неге жаңа баспана берілмегені туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкім отбасына бірден көмек көрсетілгенін айтты.
"Үйге келер болсақ. Біз өз көмегімізді ұсындық. Үй салуға көмектескісі келетін қайырымды жандар бар. Үй иелерінің рұқсаты керек. Сондай-ақ қысқы кезеңде құрылысқа қатысты жоспарлау құжаттарын келісу туралы ұсыныс жасадық. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, біз оларға (Шерзат Болаттың отбасы - еск.) ұсыныс жасадық, бірақ олар сол ауылда ата-анасының үйінде тұруды жөн көрді", - деді Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.
Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Кейін ол 15 тәулікке қамалды. Ал кеше Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
ІІМ бұл істі тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек