Жол-көлік оқиғасынан сынған көлікті жөндеп қалпына келтіру сіз ойлағандай оңай жұмыс емес. Алдымен, залал шығыны тексерілуі керек, кейін шығын көлемі есептелуі керек. Бірақ неге сақтандыру компаниясы шығын көлемін үнемі төмен етіп береді? Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Қаржылық қызмет тұтынушыларының мүдделерін қорғау үкіметтік емес ұйым төраға орынбасары Данияр Насыровпен сұхбаттасты.
Данияр Насыров бұл салада 20 жыл істеп келеді. Алғашында сақтандыру компаниясында қызмет еткен, түрлі заңбұзушылықтардың куәсі болғаннан кейін тәуелсіз сарапшы болуға шешім қабылдаған. Ол бұдан екі жыл бұрын өзіне жүгінген адамның оқиғасын бөлісті.
"2020 жылы қыста клиенттерімнің бірі жол-көлік оқиғасына тап болды. Ол балалар үйінде көлік жүргізушісі болып қызмет атқарады. Клиент көлік артынан соққы алғанын айтады, ес жинаған әйел соққанын түсінген. Көлікте екі әріптесі болған. Екеуін де жедел жәрдем алып кеткен. Балалар үйінің әкімшілігі жарты жыл бойы сақтандыру компаниясымен келісімге келе алмаған. Тәуелсіз сарапшыларды шақырғаннан кейін компания залал мөлшерін бірнеше есеге аз бағалағанын байқадық. Сақтандыру компаниясы залал мөлшерін 600 мыңға қысқартқан. Егер 50 мың болса, ештеңе демес едік. Бұл барып тұрған өтірік қой!" - дейді Данияр Насыров.
Мән береген не мән бергісі келмеген
Сарапшының айтуынша, сақтандыру компаниясы көліктің кей сынған жерлеріне мән бермеген не мән бергісі келмеген. Баға беруші барлығын мұқият қарап, назар аударуы керек еді. Ол ақаудың бәріне назар аудармаған, сейкесінше аз сома шыққан.
"Клиентім көлікке баға берушілер оның артқы бөлігін ғана қарағанын айтты. Ал тәуелсіз сарапшылар келтірілген залалдың ауқымын толық көрсетті. Бірінші бақылауда көліктің ішін тіпті қарамаған. Тәуелсіз сарапшы көліктің іші-сыртын қарап, көлік ішіндегі барлық затты шығарды. Клиенттің бізге жүгінгені жақсы болды. Әйтпесе, құжаттарға қол қойылғаннан кейін, жөндеу кезінде өз қалтасынан ақша шығарушы еді",- дейді маман.
Сақтандыру компаниясының тексерісі бойынша, жөнделетін бөлшектер саны 15 болса, тәуелсіз сарапшы 29 бөлшек жөнделу керегін айтқан.
Маманның айтуынша, залалдың шығыны әдейі төмендетіліп берілмеуі де мүмкін. Оған бақылаушының біліктілік деңгейінің жетіспеуі әсер етуі мүмкін. Ал сақтандыру компаниясы өкілдері есеп Заңнама мен Ұлттық банк ережелері негізінде жүргізілгенін айтады.
"Сақтандыру компаниясы шығын мөлшерін арнайы сертификатталған бөлшектердің құнына сәйкес есептеуі керек, ал олар көбіне ресми емес, базар не Желідегі бағаны жаза салады. Тіпті бір сақтандыру мекемесі Audi көлігінің есігін 76 мыңға бағалаған еді. Мүмкін, ресейлік көлік есіктерінің бағасы сондай шығар, бірақ Audi емес. Түптеп келгенде бұрын пайдаланылған есіктің бағасын жазып қойғанын білдік",- деді ол.
Сақтандыру жүейсіндегі міндетті сақтандыру заңы 2000 жылдары енгізілді. Оның негізігі идеясы - жәбірленушінің бүлінген мүлкі үшін өтемақы алу мүмкіндігі. Ал 2016 жылдың ортасында сақтандырушылар бағалауды өз қолдарына алды. Бүгінде бәрі басқаша, келтірілген залалды енді сақтандыру компаниясы есепейді, ал есеп дұрыс болмаса, олар оған жауап бермейді.
Данияр Насыров мұндай заңбұзушылықтар туралы Ұлттық банкке де, Қаржы мониторингі агенттігіне де бірнеше рет шағым жасаған, бірақ тексеріс заңбұзушылықтардың жоғын айтқан.
"Бірде Қаржы мониторингі агенттігіне сақтандыру компаниясының заңбұзушылығы тіркелген сот шешімін жолдадық. Сонда да жауап бір болды. Олар ешқандай заңбұзушылық орын алмағанын айтады.
Маңғыстауда бір көлікке сақтандыру компаниясы залал шығынын 700 мың теңгеге есептеген. Ал көлік жөндеуге жатпайды, бір де бір есігі ашылмайды. Көлік иесі бір 1,5 жылдан кейін өзінің дұрыс екенін дәлелдеді, бірақ оның алдында Сақтандыру омбудсмені де, реттеушілер де қатені мойындамады", - дейді Данияр Насыров.
Заң бойынша, сақтандыру компаниясы бір рет тексеріс жүгізіп, он күн ішінде шешім шығаруы керек. Бірнеше рет шешім өзгерту - заңбұзушылық.
2016 жылда "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңына түзетулер енгізілгеннен кейін, жағдай өзгерген. Енді шығын сомасын, тәуелсіз сарапшы емес, сақтандыру компаниясы есептейді. Тіпті шығын сомасын есептеуге арнайы лицензия қажет емес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!