Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримованың тағы бір даулы мәлімдемесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Гүлжайна Даримова "тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды мұқият қадағалау керек екенін" айтқан.
"Кешке қарай олардың балаларын үйлерінен тексеру керек немесе олардың қайда екенін білу үшін чип салу керек. Мен оларға чип салатын едім. Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кешке үйде екенін тексеру керек. Егер жоқ болса, оларды дереу арнайы орындарға, интернатқа жіберу қажет. Балаларымыз үшін қауіпті болса, олар неге сыртқа шығады? Үйде отырсын, кітап оқысын, фильмдер көрсін. Оларды ата-аналары тәрбиелесін", - дейді Даримова.
Желі қолданушылары депутаттың бұл мәлімдемесіне сын пікірлер айтқан.
"Қарапайым фашизм... Депутаттың қорғаушылары оның ұрып-соққан, қорқытқан және т.б. ұлдар туралы мәлімдегенін айтады. Ал тұрмысы төмен отбасылар, бәріміз түсінетіндей, халықтың әлеуметтік осал топтары санаты. Себебі баласы ұрып-соғатын, бірақ қаржылық жағдайы жеткілікті отбасын тұрмысы төмен деуге бәрінің батылы бара бермейді", - дейді Салтанат Мурзалинова-Яковлева есімді қолданушы.
"Бізге лайық депутаттар, - дейді Жанна Ильичёва есімді қолданушы.
"Гүлжан Кәрімова, депутаттар қай курорттарда демалып жатқанын білу үшін сіздерге чип салу керек. Неліктен мұндай адамдар депутат болады? Мүмкін, осындай адамдарды чиптеуді бастау керек шығар?" - дейді Нұрсейіт Шорабеков есімді қолданушы.
Ал депутат әлеуметтік желідегі парақшасында баланы 10 жасөспірім соққыға жыққанын, сондықтан ұрып-соғатын балаларды чиптеу мәселесін көтергенін айтыпты.
"Никитаны 10 жасөспірім соққыға жыққан қорқынышты оқиға болды, ол 3 сағатқа созылған. Баланың қабырғалары, тістері сынған... Біз оны қалпына келтіруге шешім қабылдадық. ...Сол ата-аналар Никитаның алдында тізерлеп отыруы керек еді, бірақ олар өз балаларын қорғаумен айналысып жатыр. Мен ұрып-соққан балаларды чиптеу (бұл білезіктер болуы мүмкін) керек екенін айттым, олар басқа балаларға тимеуі және біз бұл балалардың қайда екенін білу үшін", - деп жазған депутат Желіде.
Сондай-ақ, ол қоғамға қауіпті балаларды чиптеу керек екенін, қазір бәрі бұдан хайп жасап жатқанын айтады.
"Қиын балаларға чип қою керек дедім. Ұрып-соғатындарға, қоғамға қауіптілерге. Әдеттегідей, маған хайп жасап жатыр", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін де депутат Гүлжайна Даримованың әлеуметтік желідегі әрекеті көпшілік арасында қызу талқыға түскен еді.
Желіде тараған видеода жартылай жалаңаштанған депутат өзіне қарсы пікір жазған қыздарға ескерту жасаған болатын.
"Мекенжайларыңа барып, күйеулеріңнің немесе ұлдарыңның, әкелеріңнің басын айналдырып алып кетемін", - деген еді ол видеода.
Кейінірек Даримоваға қатысты дау сессияда қаралуы мүмкін екені айтылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз