• 489.59
  • 490.7
  • 5.67

Неге қыста міндетті түрде нан жеу керек?

Неге қыста міндетті түрде нан жеу керек?
Фото: unsplash.com

Қыста ағза түрлі күйзелістерге ұшырайды: температураның ауытқуы, күн сәулесінің азаюы, қар мен желдің әсері. Сонымен қатар иммунитетті қорғап, сергектікті сақтап қалу қажет. Қысқы маусымда денсаулықты сақтау үшін қандай тағамдарды тұтыну керек? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Тамақтану арқылы физикалық жағдайды реттеуге болады. Таңғы және түскі асты жақсы ішу керек деген кеңесті естіген боларсыздар. Ғалымдар тіпті жаңа терминді ойлап тапқан - диетадан туындаған термогенез, яғни организм тамақ арқылы алынған калорияларды жағып, энергия мен жылуды босатады.

Алайда бұл суық мезгілде порцияны көбейту керек дегенді білдірмейді. Оның орнына, тағам құрамына мән берген дұрыс. Суықта денені жылытуға және иммунитетті нығайтуға көмектесетін өнімдер бар. Термореттеу жүйесіндегі негізгі орган - қалқанша безі, ал оның дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін тағамдарға жаңғақтар, имбирь, сұлы, теңіз өнімдері мен балдырлар жатады. Сонымен қатар бауырдың ақуызды қорыту барысында дене температурасын арттыратыны дәлелденген. Сондықтан рационға жануарлар мен өсімдік ақуыздарын қосу маңызды.

Қанайналымы мен терморегуляцияны жақсарту үшін құрамында калий мен магний көп тағамдарды тұтыну қажет. Олардың қатарына қабығымен пісірілген картоп, өнген бидай, сәбіз, асқабақ, шпинат, авокадо, кептірілген жемістер кіреді.

Қыста әр бесінші адам маусымдық күйзелістен зардап шегеді. Бұл жағдайда, онымен күресудің тиімді жолдарының бірі - нан жеу. Нанда В тобының дәрумендері көп, олар жүйке жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ұйқы сапасын жақсартады. Артық салмақ қосудан қорқудың қажеті жоқ, бастысы - дұрыс нан таңдау. Құрамында кебек, тұтас дәндер мен пайдалы ингредиенттері бар толыққанды ұннан жасалған нанды таңдаған жөн.

Еске салайық, бұған дейін арықтағаннан кейін ескі әдеттерге қайта оралу ағзаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін жазған едік. Лестер университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу (Diabetes, Obesity and Metabolism (DOM) журналында жарияланған) нәтижесіне сүйенсек, денсаулыққа пайдалы өмір салтынан бас тарту бұлшықет массасының жоғалуына және артық майдың қайта жиналуына әкеп соқтырады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан