- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неге қорқынышты түс...
Неге қорқынышты түс көреміз? Дәрігер түсіндірді
Дәрігер София Черкасова неге ұйықтап жатқанда қорқынышты түс көретінімізді және оған қандай әдет әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Стресті елемеу
Көп адам жан саулығының маңыздылығын елемейді. Егер әрдайым депрессияда болып, үнемі алаңдаушылықпен өмір сүрсеңіз, бұл қорқынышты емес, әрине. Бұдан ешкім өлмейді. Алайда, шын мәнінде, стресс жанға да, тәнге де әсерін кері тигізеді. Және ол жүйке негізінде қорқынышты түс көруге әсер етеді.
Көп ойлау әдеті
Дәрігердің айтуынша, қандай да бір жағдайдан алған әсер де түс көруге тікелей байланысты болады. Сондықтан жаңалық оқуға арнайы уақыт бөлгеніңіз дұрыс. Мысалы, күніне жарты сағат, бірақ одан көп емес.
Ішімдік пен есірткіні теріс пайдалану әдеті
Ішімдік денеге улы әсер етеді. Адам ішімдік ішкеннен кейін ұйықтап жатқанда да, оның ағзасы этанолды бейтараптандырумен айналысады, ал ағза үшін бұл - стресс. Сондықтан мұндай әдет те қорқынышты түс көруге әсер етуі мүмкін.
Ұйықтар алдында артық тамақтану әдеті
"Егер сіз таңғы ас ішпей, орнына тоқашпен тамақтансаңыз және кешкі ас кезінде асқазаныңызды толтырсаңыз, біртүрлі түс көргеніңізге таңғалмаңыз", - дейді София Черкасова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек