Мақаланың тақырыбына айналған сұрақ әрбір адамды өмірінде бір рет болса да ойландырған шығар. Оған 2012 жылы шыққан бір атаумен аталған кітапта жалпылама жауапты америкалық экономистер Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсон берген.
Авторлар көп жылғы зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, мемлекеттердің табысты болуы олардың қандай саяси және экономикалық институттарға сүйенетініне байланысты болатынын анықтаған.
Аджемоглу мен Робинсон институттардың екі түрін бөліп көрсетеді: экстрактив және инклюзив.
Бірі шағын элитаның мүддесін басшылыққа алатындар көпшілікті мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдау процесінен алыстатып жіберген. Сөйтіп азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасау қалыпты жағдайға айналған.
Ал енді бірі керісінше еліміздің ортақ мүддесі үшін азаматтарды саяси және қоғамдық өмірге барынша тартуға тырысқан. Олардың қатарында көппартиялы Парламент қана емес, сондай-ақ биліктің ауысуына белсене ат салысатын арнайы топтар да болған.
Әрине, мемлекет тек экстрактив немесе тек инклюзив институттарға ғана сүйеніп өмір сүре алмайды. Алайда кітап авторлары келтірген мысалдарының жаны бар: инклюзив институттарға қарай бағытталу тұрақты дамуды қамтамасыз етсе, экстрактив институттарға басымдық беру мемлекеттің дамуын артқа тартады.
Аджемоглу мен Робинсон ұстанған көзқарастар 1953 жылы соғыстың аяғына дейін біртұтас мемлекетті құраған Корей түбегі елдерінің дамуында табысты шешімдердің бірі болды деп айтуға болады.
Бастапқыда ең нашар позицияны ұстанған Оңтүстік Корея қазір әлемдегі экономикалық көшбасшылардың бірі ғана емес, сонымен қатар, поп-музыка, телешоулар мен фильмдер арқылы белсенді жаһандық мәдени экспансияға айналып үлгерді. Дегенмен Оңтүстік Кореяның инклюзивтілігі барлығына бірдей рұқсат беруінде емес: ол өз заңнамасында интернет цензурасын бекіткен әлемдегі бірінші ел болып табылуында.
Мемлекет көп ақпаратқа тосқауыл қойғандықтан, (соның ішінде жалпыға қолжетімді интернеттің болмауына байланысты) Солтүстік Кореядағы өмірдің шынайы көрінісі туралы көп нәрсе белгілі емес. Ал оның әлем назарын аудартқан жетістіктері көбіне көшбасшылары немесе ядролық қаруының арқасында белгілі болған. Бірақ шындық бәрімізге мәлім: экономикалық даму тұрғысынан КХДР оңтүстіктегі көршілерінен біршама артта қалып қойған.
Қазақстан кейінгі жылдары инклюзив институттарды нығайту мақсатында бірқатар маңызды реформаларды жүзеге асырды. Бұл жағынан 2022 жыл ерекше болды: жалпыхалықтық референдумда мақұлданған конституциялық реформа мемлекеттік жүйенің нақты тұлғаларға тәуелділігін жойып, президенттік өкілеттіктерді қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір жеті жылдық мерзімге шектеді. Бұл өзгерістер президент болуға ұмтылған жаңа саясаткерлерге үлкен мүмкіндік тудырды.
Бірақ жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайды. CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов инклюзивтілікті арттыру бағытында оны одан әрі түрлендіретін үш негізгі бағытты атап көрсетеді: табысты әділ бөлу; мемлекет, бизнес және халық арасындағы қарым-қатынасты қайта қарау; аймақтардың біркелкі дамуы.
Осы және басқа да реформалар 2022 жылғы 16 қарашада Астанада өтетін Стратегиялық бастамалар форумы 2022-де талқыланатын болады. Форумның арнайы қонақтары болып "Почему одни страны богатые, а другие бедные?" кітабының автор бірлестігі Джеймс Робинсон, сондай-ақ, "Черный лебедь" және "Антихрупкость" бестселлерлердің авторы Нассим Талеб (онлайн) болады.
Форум бағдарламасы мен тіркелу https://forum.csi.kz/ сайтында қолжетімді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!