Әлеуметтік желіде жарыс алаңына шығайын деп жатқан сіңлісіне қолдау көрсеткен кішкентай қыздың видеосы тарады. Видео TikTok қолданушыларын сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан кішкентай қыздың сіңлісіне барын салып, әдістерді үйретіп жатқаны көрінеді.
"Әпкенің қолдауы", - деп жазылған видеода.
@judoka_kaz14 #рекомендации #реки #помощьлюдям ♬ оригинальный звук - Judoka_pvl
Кейін ол жеңіске жеткенде әпкесі қатты қуанады. Желі қолданушылары жылы көрініске жағымды лебіздер жазған.
"Болашақ чемпиондар", "Неге жылап отырмын", "Биіктен көріне беріңдер", "Жарайсың, сіңлісін қолдап жатыр", - дейді пікір жазғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!