"ҚазАвтоЖол" жазда жүк көліктерінінің қозғалысына шектеу қойылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Бұл шаралар жол жабынының сақталуына және күн ыстық кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25 градус жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25 градус жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
Мұндай шектеулерді енгізудің басты себебі – жоғары температура кезінде деформацияға бейім болып келетін асфальт жабынының бұзылмауын алдын алу.
Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал кезінде ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді. Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Осы ережелерді сақтау арқылы жолдардың ұзақ қызмет етуіне және олардың жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп, сайып келгенде жол қозғалысының барлық қатысушыларына тиімді болмақ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!