Психолог әрі жұптар арақатынасы және бала тәрбиесі туралы кітаптардың авторы Елизавета Филоненко ер адамдардың сүйіктісіне сөз салуға асықпауының ең көп тараған бес себебін атады. Бұл туралы Tengri Lifestyle жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауапкершіліктің жоқтығы
Маманның айтуынша, неке ер адамның жауапкершілік деңгейін түбегейлі өзгертеді. Азаматтық некеде ер адам әйелге психологиялық және құқықтық тұрғыдан азырақ жауапты болады. Мысалы, ажырасу кезінде ер адам әйелді әрі қарай асырауға немесе сатып алынған мүлікті бөлісуге міндетті емес. Ер адамдар бұл позицияны ыңғайлы деп санайды, сондықтан олар ұсыныс жасауға асықпайды.
Сонымен қатар, некеде ер адамның қаржылық ауыртпалығы артады, ал үйленгенде ол бірден көп табыс тауып кетпейді.
Таңдауға сенімділік
Неке таңдаудың сенімді екенін білдіреді. Ажырасу бар екені белгілі, бірақ бәрібір үйлену көпшілікке маңызды символдық әрекет саналады, яғни ол мәңгілікке бір әйелді таңдауды білдіреді.
Егер қарым-қатынас мінсіз болмаса, онда ер адамға ол әйелді мәңгілік серік қылып таңдау қиынға соғады. Ер адам бұл қадамға бірден бармайтыны да содан.
Айқын пайданың болмауы
Елестетіп көріңіз, ер адам қазірдің өзінде әйелмен бірге тұрады: физикалық жақындық бар, қолдау, қызықты демалыс. Неке қиюдан кейін қандай жаңалық болады? Бұл сұраққа жауап беру қиын, кейбір ер адамдар бұдан пайданы көрмейді, сондықтан көбіне сүйіктісіне: "Онсыз да отбасымыз, басқа не керек" деп жауап береді.
Балалы болуды қаламау
Некеге тұрғанда келесі қадам - балалы болу. Ер адамдардың бұған қызығушылығы төмен:
Балалы болуға дайын емес ер адам некеге тұруға да асықпайды.
Үйлену тойын жасау
Ал соңғысы, салыстырмалы түрде соңғы фактор - бұл дүркіретіп той жасау. Қыздарға тұрмысқа шығуда үйлену тойы өте маңызды болуы мүмкін.
Егер ер адам сіздің қалауыңыз қымбат сақина, дүркіретіп үйлену тойын жасау, Мальдив аралдарында бал айын өткізу екенін білсе, ол сырттай сізге қарсылық білдірмеуі мүмкін. Бұл оның өмірлік арманы емес екенін мойындау оған ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ ол мұндайды қаламайды, сондықтан некеге тұру мәселесінен қашуы мүмкін.
Ер адамды өз еркінен тыс немесе қулықпен некеге тарту ешкімге бақыт әкелмейді. Үйлену туралы шешім шахмат ойыны емес. Екі жақ та отбасын құруды қалауы керек, сонда оның табысты дамуына мүмкіндік болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!