Мұнайдың айтарлықтай қоры бар елдердің көбісі өз азаматтарына Араб Әмірліктеріндегідей жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайтыны көп адамдарды қызықтырады. Бұл мәселені Қазақстан мысалында да қоғам көп талқылап жүр. Десе де әр қазақстандықтың көкейінде жүрген сауалға тәуелсіз экономика эксперті Андрей Чеботарёв жауап берді деп хабарлайды Massaget.kz.
Экперт, біріншіден, Қазақстанда айтарлықтай мұнай қоры болса да, оның көлемі Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар сияқты жетекші мұнай өндіруші елдермен салыстырғанда айтарлықтай аз екенін атап өтті.
"Қоғамда "бізде мұнай көп, тіпті Менделев кестесіндегі бүкіл элемент аяқ астында, бірақ неге Арабтар сияқты шалқып өмір сүрмейміз" деген сауалдар туындап жатады. Десе де, бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: Біз олай жасай алмаймыз! Бұндай қорытындыға мұнай табысы мен халық санына талдау жасап келуге болады", - дейді Андрей Чеботарёв.
"Байқап тұрғандарыңыздай Қазақстан тізімде бар. Дегенмен ең төменгі қатарда. Қазақстанның барланған мұнай қоры мен Таяу Шығыс елдерінің барланған мұнай қоры арасында үлкен айырмашылық бар. Бұл мұнайдан түсетін қомақты кірістің өзінде Қазақстанның қорлары оның араб елдерімен ұзақ мерзімді перспективада бәсекелесуге мүмкіндік бермейді дегенді білдіреді. Енді халық санының кестесін ашайық. Біз 20 миллионнан көппіз. Бізге Араб Эмираттағындай өмір сүру үшін бізде бар мұнаймен, халық санын 15-20 есеге қысқарту керек болады. Осыған сіз дайынсызсыз ба, мен жоқ!", - дейді Андрей Чеботарёв.
Эксперт онымен қоса еліміздегі мұнай өндіру құны Араб Әмірліктеріне қарағанда қымбатырақ екенін жеткізді. Және Қазақстанның қазіргі мұнай өнімдерінен түсетін пайданың қайда жұмсалатынымен бөлісті.
"Мұнай пайдасының бәрі біреудің қалтасына кетіп жатыр дегеннен аулақ болу керек. Елімізде бюджет табысының 58 пайызын мұнай табысы құрап отырғанын естен шығармау керек. Мемлекеттік қызметкерлердің 3/2-сінің жалақысында осы мұнай табысынан алынады. Нақтырақ айтқанда кедендік баждар бойынша экспорт және жер қойнауын пайдаланушылар үшін салынатын салықтар. Сондықтан мұнай ел - экономикасына жұмыс жасап жатыр деп нық айта аламын", - дейді Андрей Чеботарёв.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!