Жылда Қазақстанда Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланатын еді. Сәйкесінше, бұл күндері қазақстандықтар үшін демалыс жарияланатын. Алайда биыл күнтізбеде демалыс күні ретінде тек 16 желтоқсан белгіленген. Неге? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Бұдан екі жыл бұрын, 2022 жылы Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңның жаңа редакциясы жарияланған еді. Онда былай делінген:
Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды. Сәйкесінше, бұл күні демалыс болмайды.
Енді мереке тек бір күн - 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.
2023 жылы 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келді, сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болған еді.
"Қазақстандағы мерекелер туралы" заңға сәйкес 1, 2 қаңтар мемлекеттік мереке саналады. Бұл күндер мереке және демалыс деп танылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пікірінше, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндер тізіміне қосу орынсыз. Демек бұл күні қазақстандықтар жұмыс істейді.
Биыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді.
Биыл 30 және 31 желтоқсан да жұмыс күндері.
Қысқы каникул 2024 жылғы 30 желтоқсанда басталады және 2025 жылғы 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. Толық күнтізбе мына материалда.
2024 жыл аяқталуға жақын. 2025 жылы демалыс күндері ауыстырыла ма? Massaget.kz тілшісі материалында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!1