- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Неге әйелдер ерлерге...
Неге әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүреді?
Орта есеппен ер адамдар әйел адамдарға қарағанда ерте өледі. Ғалымдардың зерттеуінше, мәселе "еркек" Y хромосомасының жасына қарай жедел бұзылуында. Ал ол жүрек бұлшықетіне әсер етеді. Салдарынан жүрек аурулары пайда болады, ол ер адамдарда жиі кездесетін ауруға алып келеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы бұл мәселе бойынша арнайы баяндама жасаған болатын. Зерттеуге адамдар жынысы, жасы мен табысына қарай бөлінді. Құжатта 2000-2016 жылдар аралығыда әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 66,5-тен 72 жасқа дейін өскені айтылған. Ерлер 70,57 жас, әйелдерде - 75,06 жас болды, яғни 4,49 жылға артық.
Бұл процесс көптеген елде байқалған. Ертеде ол көбіне соғыспен, денсаулығына аз көңіл бөлумен және зиян әрекеттермен байланыстырылатын. Ал медициналық статистика пайда болғаннан кейін ер адамдар көбіне жүректің ишемиялық ауруы, өкпе аурулары, бауыр циррозы және инсульттан қайтыс болатыны анықталған.
Осылайша, биологтар физиологиялық деңгейдегі себебін анықтай бастады. Нәтижесінде, өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық тек адамдарда емес, сонымен қатар, басқа сүтқоректілерде де бар болып шықты. Бәрі жынысты анықтайтын хромосомаға байланысты екен. Хромосома - ДНҚ-ны байланыстыратын жүйе. Олардың негізгі функциясы - тұқым қуалайтын "ақпаратты" дамыту және тарату.
С. Сатыбалдина