Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы "Ақшешек" қорымы тарихи-мәдени кешені неге жеке кәсіпкерлерге өтіп кеткені туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл іс сотқа жіберілген.
"Бұл сот арқылы шешілетін мәселе. Біз жергілікті әкімшілік тарапынан көмек көрсетеміз. Ол - кәсіпкер, сондықтан сот арқылы шешіледі. Сот процесі жүріп жатыр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің үйінің алдына асфальттың жедел төселуіне қатысты пікір білдірген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!