Әнші Жазира Байырбекова құмар ойынға салынғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші құмар ойын - көптеген отбасы зардап шегіп отырған мәселе екенін айтады.
"Негатив жазғым келмейді. Бірақ, қаншама отбасы зардап шегіп отырған мәселе. Бірі айтса бірі үнсіз басынан өткеріп жүр. Құмар ойынын ойнау- ауру ма,әдет па білмеймін. Құмар ойынын ойнайтын адамдардың белгілері қандай? Олар қоя ала ма?
Мен білетін ондай адамдар (кімнің атында болса да) үй,көлік,жер бәрін ойынға салған, әлі де ерік берсең сала бермек. Олар үнемі айналасына шағымданып жүреді. Оларға берген көмек суға ағып кеткендей болады. Олар қателігін мойындамайды. Аянышты көрінуге тырысады.т.б", - дейді әнші.
Жазира Байырбекова мұндай адамдарға көмек - тек құмар ойынына тыйым салу екенін айтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!