Sabirkin лақапатымен танымал блогер Сабира Жарасова әлеуметтік желідегі парақшасында өзі тұратын шағын ауданда жарық жиі өшетініне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер үйінде жарықтың сөніп қалғанына 5 сағат болғанын жазған.
"Қалқаман шағын ауданында 5 сағаттан бері жарық жоқ және бұл жиі қайталанады.
Үйіңде кішкентай балалар бар кезде жарықсыз отыру өте қиын. Кішкене жаңбыр жауса, Қалқаманда жарық сөнеді. Мен әкімдікке шағымдануды ұнатпаймын, бірақ бірнеше сағат бойы жарықсыз отыру деген ұят қой. Жарық бір сағатқа ғана сөнсе, түсінер едім. Бірақ 5 сағат деген, бұған қоса әлі қанша сағат жарықсыз отыратынымыз белгісіз. Недегенімен 21 ғасыр ғой", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал блогердің төртінші рет ана атанғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неше айында еңбектенуі керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!