- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Не үшін түсік...
Не үшін түсік болады?
Бұл процесс үш жүйелі кезеңнен тұрады. Алдымен ұрық өледі, содан соң ол эндометриялық қабаттан (жатырдың ішкі қабаты) қабыршақтанып түседі. Бұл қан ағу арқылы білінеді. Үшінші кезеңде жатыр қуысынан қабыршақтанғанның барлығы шығады. Бұл процесс толық немесе толық емес болуы мүмкін. Жүктіліктің ерте мерзімінде (5-6 апта) түсік қарапайым етеккірге ұқсауы мүмкін. Алайда ол ауырады және жағымсыз сезім береді.
Түсіктің белгілері қандай?
Өздігінен болған түсіктің белгілеріне іш астының ауыруы, түйілу немесе қан бөлінісі жатады. Алайда барлық жағдайда бірдей бұл белгілер байқала бермейді. Сол үшін де жүктілік жайлы білген кезден бастап дәрігер бақылауында болу маңызды.
Не үшін түсік болады?
Алғашқы факторға ұрық дамуының генетикалық ауытқуы жатады. Әдетте, жүктіліктің ерте мерзімінде түсік болуына осы себеп болады. Бұзылыс хромосомалардың сапалық және сандық жаңылысы түрінде болуы мүмкін. Соған байланысты әйел ағзасы ауытқуды анықтап, ұрықтың ары қарай дамуына жол бермейді.
Жүктіліктің ерте мерзімінде түсік болуының келесі себебі - эндокринді без жұмысындағы бұзылыстар. Гормондар тек циклдің жүйелілілігін ғана емес, ұрықтың жатырдың шырышты бетіне қаншалықты жақсы бекітілгенін де анықтайды. Егер қалқанша без жұмысындағы жаңылыс салдарынан эндометрия ұрықты барлық қажетті компоненттермен қамтамасыз ете алмаса, жүктілік сәтті өтпейді.
Жүктіліктің тоқтап қалуының басқа да себептеріне мыналар жатады:
- Резус-қайшылық. Егер ата-анасының резус-факторы әртүрлі болса, түсік болу қаупі артады. Мұндай жағдайда әйел ағзасы ұрықты бөтен объект ретінде қабылдайды;
- Жыныстық жолмен берілетін аурулар және басқа да инфекциялар;
- Әйелде бұрын да түсік болған. Түсік - репродуктивті жүйе үшін үлкен күйзеліс. Ол жатыр қабықшасының тозуына әкеледі.;
- Зақымдар мен іш зақымы да бұл тізімге кіреді. Сондай-ақ ішпердеге бірден қысым түссе, соның ішінде ауыр бірдеңе көтеру де жүктіліктің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін;
- Күйзеліс, депрессия.
Түсіктің алдын алу
Егер түсіктің белгілері байқалса, дәрігерге жылдам көріну керек. Себебі әдетте ол ерте анықталса, жүктілікті сақтап қалуға болады.
Жүктіліктің ерте мерзімінде түсік болмау үшін физикалық жүктемелерден бас тарту керек. Әсіресе, секірмеңіз және ауыр көтермеңіз. Сондай-ақ мына ережелерді сақтаңыз:
- эмоционалды тыныштық және күйзелістерден арылу;
- ыстық ваннадан және моншадан бас тарту;
- егер жүктіліктің бастапқы мерзімінде қауіп болса, жыныстық қатынасты шектеу немесе одан бас тарту ұсынылады;
- алкогольден және темекіден бас тарту.
Ескерту: өздігінен емделуге болмайды. Дәрігердің кеңесінсіз ешқандай дәрі ішпеңіз. Қанды тоқтату үшін немесе іш ауырғанын басу үшін халық құралдарын қолданбаңыз. Кез келген дәріні тек дәрігер беруі керек.
Сондай-ақ мамандар жүктілікті жоспарлауға кеңес береді және жүкітілік жайлы білген күннен бастап дәрігер бақылауында болу керек. Себебі кез келген кеңес әр жүкті әйелдің өзінің тұлғалық ерекшелігіне қарай беріледі.
Циклоскопия – жүктілік кезіндегі маңызды рәсім
А. Жапатова