Кей адамдар таңертең тамақ ішпек түгіл ол жайлы ойлағанның өзінен жүрегі айниды. Оның себебі неде? Бұл сұраққа эндокринолог Зухра Павлова Doctorpiter порталына жауап берді.
Неліктен таңертең тамаққа тәбетіңіз болмайды?
"Таңғы ас зат алмасуды реттейді, ағзаны ұзақ күнге дайындайды, таңертең бүйрек үсті безі белсенді бөлетін кортизол гормонын азайтады. Егер біз оларды "тамақтандырмасақ", кортизол біздің бұлшықеттерді жаға бастайды, - деп түсіндірді дәрігер Зухра Павлова өзінің блогында. - Сондай-ақ, үйлесімді таңғы ас күндіз және кешке аз тамақ ішуге мүмкіндік береді, яғни автоматты түрде арықтатады".
Дәрігердің айтуынша, таңертең тәбеттің болмауы ағзадағы түрлі патологиялармен байланысты болуы мүмкін. Егер сау болсаңыз, бірақ таңғы ас ішкіңіз келмесе, оның медициналық түсініктемесі бар.
1. Сіз түнде аз немесе нашар ұйықтадыңыз
"Егер түнде 12:00-ден кейін жатсаңыз және 7-8 сағаттан аз ұйықтасаңыз, әрине, ағзаңыз таңғы ас ішуден бас тартады. Оған керегі - тағы да ұйықтап алу", - деді эндокринолог.
2. Ашық көмірсу терезесі
"Егер таңғы ас ішкіңіз келмесе, ұйықтарда тойып алған болуыңыз мүмкін, - деп түсіндірді Зухра Павлова. - Көп және тойымды кешкі ас таңертең тәбеттің болмауына әкеледі. Егер 23:00-де ұйықтайтын болсаңыз, 19.30-20.00-ден кейін кешкі ас ішпеген дұрыс. Әйтпесе, ұйықтар алдында тамақ ішу зиянды әдеті қалыптасады".
3. Кофені көп ішу
Таңертең ұйқыдан тұрған кеде бір стақан су ішу маңызды, бірақ көпшілік ұйқысын ашпастан бірден кофе ішеді.
"Егер таңертең бірінші кофе ішсеңіз, таңғы ас іше алмауыңыз мүмкін, - дейді эндокринолог. - Себебі ағза өзінің сергектік мөлшерін алды".
Дәрігер кофені таңғы астан кейін 1 сағаттан соң ішуді ұсынады. Сол кезде бұл сусын пайда тигізеді және шын сергектік қуатын береді.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер асқазан жарасын тудыратын өнімдерді атағанын жазған болатынбыз.