Танымал актер Дәурен Айдарқұлов кішкентай қызымен бірге Алакөлде демалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Алакөлге бірінші рет келуім. Тек екінші күні ғана мұнда адамдар не үшін келетінін түсіндім. Мұндағы су басқа. Мүлдем басқа", - деді ол Алакөлдің қарабалшығын жағып, суына шомылыр жүрген суретін жариялап.
Дәурен Айдарқұлов жазғы демалысын жалғыз өткізіп жатқан жоқ. Актер Алакөлдің жағасында кішкентай қызымен бірге жүргенін мәлімдеді.
"Қызым біз Дубайға бара жатырмыз деп ойлады. Ол жерде ешқашан болмаған. Әлі күнге дейін өзін Дубайдамын деп ойлайды", - деп жазды Дәурен Айдарқұлов.
Еске сала кетейік, биыл актриса, әнші Салтанат Бақаева да отбасымен Алакөлде демалған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз