- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Не істерімді білмедім"....
"Не істерімді білмедім". Әнші Фариза Елемес "Аймалашы мені" бейнебаянына түскісі келмеген
«Джейран» тобының экс солисті Фариза Ескермес топтан кеткен соң әрі қарай не істерін білмей өзін жоғалтып алғанын, жеке әнші ретінде инерциямен бірнеше бейнебаян түсіргенін, бірақ қазір сол үшін ұялатынын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фариза Ескермес бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұқбатында айтты.
Жеке әнші ретінде шығарған «Неге» әнінің диапазоны мен табиғаты өзіне сәйкес келмейтінін, ол әнді жанды дауыста айта алмайтынын, ал «Аймалашы мені» әніне бейнебаян түсіргені үшін кейін өкінгенін жайып салды.
"Топтан кеткен соң әйтеуір бірнәрсе істеуім керек болды. Өзімнің не істеп жатқанымды түсінбедім. Қазір сол бейнебаянды шығарғаным үшін қатты өкінем. Әншілігімді мүлде сағынбаймын", - дейді актриса.
"Аймалашы мені" әніне бейнебаян түсіріп жатқанда Фариза тіпті продюсерге барып тоқтатуын сұраған. Бұл бейнебаянның кейін интернетке екі түрлі нұсқасы таралған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина