Орда тобының солисі, әнші Дастан Оразбеков кейде іштей өзін кінәлайтын көрінеді. Бұл туралы ол "Түнгі студия" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жеке ән кешін өткізген Дастан Оразбеков 2022 жылы Ironman жарысына қатысқанын жеткізді. Тіпті жарыс жолында өзін табалап алған көрінеді.
"Ironman жарысы негізі 3 кезеңнен тұрды. Жүзу, велосипед тебу және жүгіру. Жарыс жолында 113 шақырымды бағындырдым. 2 шақырым жүздім, 90 шақырым велосипедте қалған 21 шақырымды жүгіріп өттім. Дайындық кезінде маған достарым хабарласып іздейтін. Сол кезде мен осы жарысқа дайындалып жүргенімді айтатынмын. Достарым "ол не үшін керек саған, жасың 40- та, көрермендерің бар, үйің бар, демалып жүрмейсің бе?" деп жиі айтатын. Бірақ алға қойған мақсатым осы болды. Дегенмен жарыс жолына шыққанда, жүгіріп келе жатқанда өзіме сұрақ қойдым. "Не істеп жүрсің? Басың жасай ма?" деп табаладым. Бірақ тоқтап қалмай, соңына дейін бардым", - дейді әнші.
2022 жылы жарыстың жарты жолын бағындырған Дастан Оразбеков 2023 жылы Ironman-де толық 226 шақырымды бағындырамын деген мақсат қойып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!