"Не масқара?" Семейдің орталық алаңында жылқылар үйірімен жүр

Семейде жергілікті халық қаланың қақ ортасында, қоғамдық орындарда қараусыз жайылған жануарларға наразы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай алаңының маңында жайылып жүрген жануарлар кейінгі уақытта қала халқының дегбірін қашырды. Бірнеше апта бұрын облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов түнде жолда жүрген жылқылардың кесірінен апатқа түсе жаздаған.

 

Семей қаласы әкімдігі мәліметінше, арнайы комиссия құрылып, бұл жағдай әкімдік назарына алынған. Сондай-ақ, иесіз малдарды қамайтын алаңдар мен жылқыларды тиейтін арнайы көліктер де дайындалыпты.

Жергілікті полиция бөлімі басшысы Елдос Оразалиннің айтуынша, енді қоғамдық орындарда иесіз жайылған жылқылардың иелері табылғанша, арнайы орындарда ұсталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!