Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) әлеуметтік желіде өзге де әлем чемпиондарына үн қатты. Ол әлем чемпиондарын жекпе-жекке шығудан қорқады деп айыптады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Чемпиондар! Чемпиондармен жұдырықтасқыларың келетінін айтқан едіңдер! Мен чемпионмын, енді жұдырықтасайық! Не мәселе бар? 40 жастағы чемпионмен жұдырықтасқым келеді деп айтуларың керек еді", - деді Әлімханұлы Twitter-де.
Еске салайық, 29 жастағы Әлімханұлы - қазір орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Бұл белбеу оған америкалық Деметриус Андрадеден (31-0, 19 KO) өткен. Себебі америкалық боксшы Жәнібекпен кездескісі келмей, екінші орта салмаққа көтерілген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!