Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның өнері қызу талқыға түсіп жатыр. Ол "Қазақ аруы" байқауында үнді биін билеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, үнді өнеріне деген махаббаты бала кезден басталған.
"Бізге бар-жоғы 10 минут уақыт берілді, бір сынақ болды. ... Балалық шағымда бөлмемде осындай постерлер ілініп тұратын. Сағыз, шоколадтарға ақшамды жинап, тек осы ішіндегі үнді актрисаларының суреттері үшін сатып алатынмын… Үнді касеталары... Мамамның қонаққа апаратын маталарынан сари жасап, маңдайыма пантка жабыстыру... Бұл диагноз менде кішкентайымнан екенін түсіндіңіздер ғой", - деп жазған Кәмшат Жолдыбаева Желідегі парақшасында.
TikTok-та бұл қойылым көптің көңілінен шыққан.
@nariko_tomi ?? #жаждамести #камшат ♬ оригинальный звук - Narikoʕ´• ᴥ•̥`ʔ •друзья
@arzu.vonama♬ оригинальный звук - Arzubek VONAMA
""Не кисе де жарасып тұр", "Денем тітіркеніп кетті ғой", "Сөзім жоқ", "Кәмшаттың харизмасына сөз жоқ", "Кәмшат айнытпай салып тұр ғой", - деп жазған пікір білдіргендер.
Айта кетейік, Кәмшат байқауға қатысқан қыздармен бірге "Жажда мести" фильміндегі Арти мен Нанди образын алып шыққан. "Жажда мести" - 1988 жылы жаңа күйеуінің қолынан қаза таба жаздған бай жесір туралы үнді мелодрамасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!