- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Не ғой... қалай...
“Не ғой... қалай айтсам екен?“ Дәурен Айдарқұлов Ақбота-Нұрға жазба арнады
Танымал актер, шоумен Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелі Ақбота-Нұрға ерекше жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Ақбота Нұрабайқызы, не ғой... қалай айтсам екен... жалпы, сыйлығың ерекше екен", - деп жазды туған күнін тойлап жатқан Дәурен Айдарқұлов. Алайда бұрынғы әйелінің оған не сыйлағанын ашып айтпады.
Еске салайық, бүгін, 6 қыркүйек - актер Дәурен Айдарқұловтың туған күні.
"Міне, өмірімнің тағы бір жылы басталды. Әр жыл өзінше ерекше, алдағы күндер де көптеген қуаныш пен жаңалықтарға толы болатынына сенемін. Жаңа белестерді бағындырып, армандарға бір қадам жақындай түсуге дайынмын!", - деп жазды туған күн иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр ажырасып кетсе де, тойлар мен концерттерге әлі бірге шығып, өнер көрсетіп жүр. Екеуі, тіпті бір орталықта жұмыс істейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева