- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Не деген махаббат"....
"Не деген махаббат". Әйелі күйеуіне жасаған пранк қазақстандықтарды жылатты
TikTok-та күйеуіне "күшігің өліп қалды" деп пранк жасаған әйелдің видеосы тарады. Видеодағы ер адам итті қатты жақсы көруі Желі қолданушыларын тәнті еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видео 436 мыңнан аса қаралым жинаған. Онда әйел күйеуіне "иттерге таланған күшігің өліп қалды" деп пранк жасайды. Кейін ол итінің сарайда қамалып тұрғанын көреді.
"Жаным-ау, сені қамап қойды ма?" - дейді ол видеода.
@zholamanova_kymbat Инстаграм @zholamanova_kymbat☺️ #актобе04 #алматыказахстан ♬ оригинальный звук - Kymbat
Қазақстандықтар видеоға түрлі пікір жазған.
"Сенен қатты жақсы көретін сияқты ғой күшігін", "Балаша қуанды ғой, аман болсын күшігі", "Жаным-ау, жүрегім ауырып кетті ғой, өте қатты пранк болды ғой", "Жылап қалдым ғой құрысын", "Не деген махабат", - деп жазған Желідегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова