- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Не за что...
"Не за что ілініп кететін". Әнші Бағлан Әбдірайымов жастық шағындағы қызықтар туралы айтты
Әнші Бағлан Әбдірайымов "Жігіттер" квартиетіндегі достарының жастық шақтағы қызықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Бағлан еңбек жолын 2001 жылы, кафеде музыкант болып бастаған.
"Ол кезде бір әнге тапсырыс беру құны 200 теңге болатын. Сол кездері күніне аз дегенде 2000 теңге табатынбыз. Алатын стипендиям 3500 теңге. Күндіз оқу, түнде жұмыс. Түріміз добрый болғанымен бір кісідей бұзық едік…
Кафеге келген талай клиент жағадан алып, мазаны алатын. Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгеріп, Айдар гитарасын құшақтап талай тепкіден де өткенбіз.
Үшеуіне мен қарайтынмын. Еркін ерегіседі, мені төбелестіреді. Айдармен Ердос не за что ілініп кететін. Қанаттарын қатайтып, адамға қатарына қостық қой, әйтеуір. Қазір ғой бәрі ҚАЖЫ! Бала болсақта, шын дос болдық. Сол достықтың арқасында "2000 жылдан" бері, бір нанды бөлісіп жеп жүрміз. Кейін барып Еркін икра қосылған нан жегісі келіп кетті. Уақыт өте нан бөлек жесек те, дастархан бір болды", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz