Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкүнжан Каменовке ат мінгізді.
Бұл туралы Райымбек ауданының әкімдігі хабарлады.
"Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Назым Абайқызы Қызайбайға құрмет көрсетілді. Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның атқамінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды", - делінген хабарламада.
Әкімдік спортшының әкесі мен бапкерін де назардан тыс қалдырмапты.
"Сондай-ақ спорт саңлағының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкүнжан Каменовке де құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты", - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!