Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында алтын медаль иеленді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында ол италиялық Сирин Шаарабимен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл Назым мен Сирин арасындағы алғашқы кездесу болды. Текетірес үш раундқа созылды.
Жекпе-жек 32 жастағы Қызайбайдың пайдасына төрешілердің 4:1 есебімен қабылдаған шешімімен аяқталды.
Қызайбай үшін бұл World Boxing әлем кубогындағы мансабындағы ірі жетістігінің қайталануы. Былтыр ол Астанада өткен турнирде 48 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын. Қытайдағы биылғы әлем кубогында Назым 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Осылайша, Назым Гуйяндағы World Boxing әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
Еске салайық, 32 жастағы Назым Қызайбайдың еншісінде бокстан әлем чемпионаттарының бес медалі бар, оның үшеуі — алтын. Сондай-ақ, ол 2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Қазақстанның бірде-бір өкілі бокстан әлем чемпионатын бұдан көп рет жеңіп көрген емес.
Бұған дейін ол өзінің басты марапаттарын жеңілірек салмақ дәрежелерінде жеңіп алған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz