Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай екі айлық үзілістен кейін жаттығу залына оралып, келесі жарысқа дайындалатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жаттығу залынан сурет жариялады.
Назым Қызайбайға бапкері Олимпиададан кейін қазан айына дейін демалыс беріпті.
"Мен жаттығуды бастадым. Ақырындап бабыма келіп жатырмын. Жаттығудан соң үйге қайтамын. Жаңа жаттығу залы қатты ұнады", – деп жазды Назым Қызайбай.
Еске салайық, спортшы Парижден елге оралғаннан кейін Президенттің қабылдауында болған еді. Назым Қызайбайға Олимпиададағы жүлдесі үшін Алматы қаласы мен облысынан екі баспана берілді.
Ал жақында спортшы қаржы қажет болып, сыйлыққа алған үш автокөліктің екеуін сататынын мәлімдеген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!