Назгүл билеп, Құндыз ән салыпты: Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдайын айтты

Назгүл билеп, Құндыз ән салыпты: Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдайын айтты
Фото: instagram.com/ruslan_utepbai

2024 жылы "Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны" туралы ақпарат қоғамды дүрліктірген еді. Журналист Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назгүл мен Құндыз біртіндеп қалыпқа келе бастаған. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қос қарындасым құлпырып кетіп пе? Кезінде тағдырдың ауыр соққысын көрген Назгүл мен Құндыз бүгін мүлде басқа күйде. Көздерінен қорқыныш емес, үміттің нұры байқалады. Құндыз көктем келе сала шашын сары түске бояуды сұрапты. Бәлкім, бұл оның жаңа өмірге деген кішкентай қадамы шығар… Бүгін орталықта мерекелік кеш болған екен. Назгүл сахнада билеп, ал Құндыз ән айтыпты. Көңілдері көтеріңкі, ал жүздері қуанышқа толы. Ең бастысы - қыздар аман, қауіпсіз жерде. Қос қарындасым енді тек күліп жүрсе екен деп тілеймін. Мереке құтты болсын", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Еске салайық, бұған дейін желіде қыздардың бірі Құндыздың жантүршігерлік суреті тарап кеткен еді. 

Айта кетейік, Қазақстанның оңтүстігінде апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget