- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Назардың бәрі менде...
“Назардың бәрі менде болатын“. Ерке Есмахан нағыз бақыттың не екенін айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан бұрынғы өмірі мен қазіргі сәтін салыстырып, қай кезде бақытты болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, вниманиенің бәрі менде, керім, күштімін, "осы менің бақытым" дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт - ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай? 3 рет 5k бар", - деді ол.
Әншінің жаңа жазбасы желідегі оқырмандарын ойландырып тастаған сияқты.
"Бақыт, тыныштық және керемет денсаулық. Мұның бәрі сіздің өткеніңіз, бүгініңіз және болашағыңыз үшін жауапкершілік алудан қашпаудан басталады", "Ер мен әйел тамақ жейтін қос таяқша сияқты, екеуі бірлескенде ғана отбасын бақытқа бөлейді", "Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт" деп мағыналы пікір жазып жатыр желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева