- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Назарбаевтың тағы бір...
Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынып тасталды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы Ұлттық музейден ескерткіші алынып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейде 2018 жылы орнатылды.
Фото: Tengrinews.kz
Музей қызметкерлерінің сөзінше, ескерткіш бірнеше күн бұрын алынып тасталған.
"Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат мұражай мүлкі болып табылады және холл концепциясының өзгеруіне байланысты мұражай қорында тұрақты сақталып тұрады", - дейді Ұлттық музейдегілер.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталғаны хабарланған болатын.
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алынып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алынып тасталғанын растады және ол қоймада екенін хабарлады. Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған болатын. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина