Айтулы оқиғаларға байланысты телефонның корпусын қымбат металмен өңдейтін Caviar брендінің зергерлері жаңа қымбат смартфон үлгісін таныстырды. Алтынмен безендірілген жаңа дизайн Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына арнап дайындалған. Бұл туралы Caviar брендінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған жаңа дизайнда Елбасының бейнесінен бөлек, шығыстың әсем ою-өрнектері мен мемлекеттік елтаңба бейнеленген. Сонымен қатар, төменгі жағында Елбасының қолтаңбасы да таңбаланған. Айта кетейік, жаңа дизайнды дайындаған флоренциялық мамандар өз туындыларын қайта өрлеу дәуірінен бері ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді.
Apple телефонына ерекше корпус сыйлаған мамандар Нұрсұлтан Назарбаевты көп жылдар бойы елінің көшбасшысы болып қана қоймай, бүкіл ұрпаққа үлгі бола алатын тұлға екенін айтады.
Аталған смартфонды сатып алу үшін Caviar брендінің ресми сайтына тапсырыс беруге болады. Бағасы 620 мың теңге көлемінде болмақ.