Назарбаевтың серіктерінің бірі Әбіқаев басшылық қызметінен кетті

Назарбаевтың серіктерінің бірі Әбіқаев басшылық қызметінен кетті
Фото: Павел Михеев, volley.kz

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктерінің бірі Нұртай Әбіқаев басшылық қызметінен кетті. Ол бұған дейін волейбол федерациясының президенті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

27 қазанда Алматыда волейбол федерациясының есеп беру, сайлау конференциясы өтті. Дауыс беру нәтижесінде 2024-2028 жылдар аралығындағы федерацияның жаңа президенті болып Мәди Такиев сайланды.

Павел Михеев, volley.kz

Федерацияны құрылған кезінен бастап басқарған, кейбір уақытта ғана қысқа үзіліс алған Нұртай Әбіқаев кейінгі 26 жыл бойы басшы болды. Ал бұл лауазымға жаңадан ұсынылған үш кандидаттың арасында қаржы министрі Мәди Такиев болды.

Өз сөзінде федерацияның жаңа басшысы Мәди Такиев көрсеткен сенімі үшін барлығына алғыс білдіріп, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.

Анықтама: Нұртай Әбіқаев Назарбаевтың көмекшісі, ҰҚК төрағасы, Ресейдегі төтенше және өкілетті елші, Сенат төрағасы болды.

Мәди Такиев 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова