- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Назарбаевтың өзі түзетулер...
Назарбаевтың өзі түзетулер енгізген Конституцияның суреттері пайда болды
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі түзетулер енгізген конституцияның суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сурет экс-президенттің баспасөз қызметінің әлеуметтік желдегі парақшасында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Осы атаулы күнде 1995 жылдың сәуірінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қарауына ұсынылған тарихи құжат – Конституция жобасының көшірмелерімен бөлісіп отырмыз. Бұл бірегей құжаттардан Нұрсұлтан Назарбаевтың жас және тәуелсіз мемлекеттің болашақ Конституциясының мәтініне бірқатар түзетулер мен ескертулер енгізгенін көруге болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 30 тамыз Конституция күні ретінде атап өтіледі. Биыл Ата заң қабылданғанына 28 жыл толып отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина