- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Назарбаевтың немересі Нұрәлі...
Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев жаңа қызметке тағайындалды
"Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды, оны Нұрәлі Әлиев басқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасап.
"Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Транстелеком" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылғы 25 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша компанияның директорлар кеңесі сайланғанын хабарлады", - делінген KASE хабарламасында.
Кеңес мүшелері: Әлиев Н.Р.; Покупателев Д.А.; Өтемұрат Б.М.; Ғұмаров Э.М.; Ахметжанов А.М.; Аниховский В.А.; Ибраимов К.У. Қосымшада шешімге сәйкес, директорлар кеңесінің төрағасы болып Нұрәлі Әлиев тағайындалған.
"Транстелеком" АҚ ресми сайтында 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, Нұрәлі Әлиев компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланғаны жазылған.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев экономист, бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан