Болат Назарбаевтың ұлы, кәсіпкер Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл қыркүйекте Нұрбол Назарбаев сотқа өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген. Сот өтінішті қабылдап, азаматтық іс қозғаған.
Қазанда Shishkin Like Telegram арнасы Нұрбол Назарбаев 15 қыркүйектен бері жалпы сомасы 57 миллиард теңгеден аса қарызы бар борышкер ретінде тіркелгенін жазған. Оның барлық банк шоты, мүлкі бұғатталып, компаниялардағы оған тиесілі акцияларға шектеу қойылған. Нұрбол Назарбаевқа елден шығуға да тыйым салынған.
Соттың баспасөз қызметі Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап берген.
"2025 жылғы 19 қарашадағы анықтамаға сәйкес Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініші қараусыз қалдырылды", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.
Бұл оның банкрот мәртебесін ала алмағанын білдіреді, десе де ол өтінішті қайта тапсыра алады.
Нұрбол Назарбаев - кәсіпкер, елдегі ең бай бизнесмендер рейтингіне бірнеше рет енген.
Рейтингтегі орны:
2025 жылы оның байлығы шамамен 179 миллион доллар деп бағаланған.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаевтың мүлкіне тексеріс жүргізуді сұрады. Кейін депутат Ермұрат Бапи де Мәжіліс мінберінде Нұрбол Назарбаевқа қатысты елден түскен арыз-шағымды жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!