Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры Костенко шахтасындағы апатқа қатысты 50 миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат қордың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.
"Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің Тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 миллион теңге көлемінде тікелей қаржылық көмек бөлді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!