Назарбаевтың қарындасы мемлекетке қанша теңге қарыз?

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның компаниясы елдегі салық бойынша берешегі көп компаниялардың антирейтингіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, оның компаниясының қарызы 92 миллиард теңгеден асқан.

"2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС-нің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі - 92 307 598 мың теңге", - деп жазылған хабарламада.

Комитет өкілдерінің айтуынша, компания өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Бұл іс сотта қаралып жатыр.

Осылайша Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания антирейтингте үшінші орында тұр:

  • Ai-To Progress ЖШС - Дәурен Молдағалиев - 111,6 млрд теңге;
  • Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС - Velora Group LTD - 95,1 млрд теңге;
  • GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС - Әли Қылышбаев, Әнипа Назарбаева - 92,3 млрд теңге;
  • OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі ЖШС - Анарбек Жауыров - 85,6 млрд теңге;
  • GB Invest ЖШС - Файез Наджиб - 47,2 млрд теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!