Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның компаниясы елдегі салық бойынша берешегі көп компаниялардың антирейтингіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, оның компаниясының қарызы 92 миллиард теңгеден асқан.
"2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС-нің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі - 92 307 598 000 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Комитет өкілдерінің айтуынша, компания өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Бұл іс сотта қаралып жатыр.
Осылайша Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания антирейтингте үшінші орында тұр:
- Ai-To Progress ЖШС - Дәурен Молдағалиев - 111,6 млрд теңге;
- Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС - Velora Group LTD - 95,1 млрд теңге;
- GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС - Әли Қылышбаев, Әнипа Назарбаева - 92,3 млрд теңге;
- OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі ЖШС - Анарбек Жауыров - 85,6 млрд теңге;
- GB Invest ЖШС - Файез Наджиб - 47,2 млрд теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова