Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый регион" сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, мамырдың аяғында Шамалғандағы орналасқан "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін" мемлекеттік меншікке қайтару туралы сот өтті. 2022 жылы қыркүйекте облыстың қаржы басқармасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Әбішқызы Назарбаеваның мекемесі "Әнипа" ЖК-ға үстінен сотқа арыз жазды. Колледж бұл компанияға өндіріп алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.
"Алматы облысының қаржы басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен Әнипа Әбішқызы Назарбаева атынан "Әнипа" жеке кәсіпкері арасында жасалған 2016 жылғы 7 шілдедегі №3 "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартын бұзылсын", - делінген іс материалдарында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!