2019 жылдың 19 наурызында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кетті. Артынша оның Елбасы деген статусы алынды. Жақында Алматыдағы Нұрсұлтан шыңынан да алынып тасталғаны хабарланған болатын. Алайда бұл ақпарат артынша жалған ақпарат болып шықты. Назарбаевтың ел алдындағы қазіргі статусы қандай? Экс-президентке қандай жағдайлар жасалған? Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне қазақстандық саяси шолушы Ғазиз Әбішев түсіндіріп берді.
Назарбаевтың халық алдындағы қазіргі статусы қандай?
Ғазиз Әбішев Қазақстан Президенті туралы конституциялық заңның 34, 35, 36-баптарының 6-тарауында экс-президенттердің статусы көрсетілгенін атап өтті.
"Назарбаев осы Заңда белгіленген артықшылықтарды пайдалана алатын бұрынғы президент. Одан артық ештеңе емес. Ол отставкадағы экс-президент. Ол Парламент палаталарының бірлескен отырыстарына, қызметке арналған салтанатты отырыстарға, Президенттің инаугурациясына, мемлекеттік мерекелерге және мемлекет өткізетін өзге де іс-шараларға қатысуға құқылы. Оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ол жалақысының 80 пайзын зейнетақы ретінде алып отырады. Мысал ретінде айтар болсақ, президенттің жалақысы 5 миллион болса, зейнетақысы 4 миллион", - дейді саяси шолушы.
Маман Назарбаевқа қандай жағдай жасалғанын түсіндіріп берді.
"Оған пәтер беріледі, қажет қызмет көрсетуімен мемлекеттік бақша, жеке күзет беріледі. Күзет міндетті түрде президенттің күзет қызметінен болмауы мүмкін. Экс-президентті полиция немесе ҰҚК-ның арнайы бөлімшесі күзетуі мүмкін, бірақ ол қатты маңызды емес. Жеке жүргізушісі бар көлік беріледі, елде тегін қатынап жүре алады, яғни қызметтік пойыз немесе ұшақты тегін пайдалана алады. Медициналық емделуі мен санаториялық курортта емделуге мүмкіндік беріледі. Бұл жерде мемлекет оған емделуге және арнайы дәрігерге ақы төлейді дегенді білдіруі мүмкін", - дейді маман.
Ғазиз Әбішев Нұрсұлтан Назарбаевта заң тұрғысынан иммунитет барын айтады.
"Назарбаев президент президенттік кезеңдегі кез келген іс әрекетке жауапты емес. Яғни заң тұрғысынан иммунитеті бар. Ол жайлы нақты бап бар: экс-президент мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, президент өкілеттігін орындауға байланысты іс-әрекеттері үшін жауап бере алмайды", - дейді Әбішев.
Экс-президенттің статустары неліктен алынды?
Себебі қазіргі таңда институциянализация деген процесс жүріп жатыр.
"Яғни өткен кезеңнің қалдықтарынан құтылып жатырмыз. Онда президент және жалпы кез келген адам жүйенің бір бөлігі болып саналатын институционалды мемлекет құрып жатырмыз. Ешкімнен заңнан жоғары бола алмайды, ешкімнің ерекше статусы бола алмайды және қазір мемлекеттің қалыпты құрылымы түзетіліп жатыр", - дейді саяси шолушы.
Экс-президенттің әлі де құқықтары шектелуі мүмкін бе?
"Қиын сұрақ. Бір шеті институционализациялау бір бөлек. Тағы бір шетінен қазіргі билік, атап айтқанда Президент Тоқаев, біріншіден, отставкаға кеткен шенеуніктерді қудалаудың осы сериясын тоқтатқысы келеді. Ол саяси мәдениет қалыптастырғысы келеді, бұрынғы президенттер зейнет жасында еркін демалуы үшін билік өз еркімен кетсе дейді. Бұл келесі президенттер биліктен кетпей қоймауы үшін маңызды. Яғни америкалық президент билікте отырып алмайды, себебі ол биліктен кете еркіндігі мен статусынан рахат алады. Егер мемлекет басшысын қылмыстық қудалаудың прецеденті құрылса, келесі президент сол қудалаудан қорқып, биліктен кетпей қоюы мүмкін. Яғни осындай саяси мәдениет президенттің билікті тастап, отставкаға кетуіне әсер етеді, - дейді Әбішев.
Екіншіден, Ғазиз Әбішевтің сөзінше, егер Назарбаев құрметке, иммунитет пен қамқорлыққа ие болса, Тоқаевтың өзін де сол "трендке" байланысты болашақ күтіп тұр.
"Үшіншіден, бәрін жоқ қылып тастауға болмайды, бөліп-жаруға болмайды. Біреу Назарбаевқа мін артуы мүмкін, бірақ оның ең жоғары стратегиялық деңгейдегі жетістіктерін жоққа шығаруға болмайды. Бұл объективті шындық. Кеңес Одағы Украинамен, Молдавамен, Гризиямен, Армениямен, Әзірбайжанмен, Тәжікстанмен, Түркіменстанмен, тіпті Ресеймен ыдырағаннан кейін не болды. Ал Қазақстандағы жағдай қандай болды? Билікті орталықтандыру кезінде Назарбаевтың жауапкершілігі көп екені түсінікті, бірақ оның есебінде көптеген жетістік те бар. Сондықтан өткір әрекет жасаудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді Ғазиз Әбішев.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір статусынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қатысты заңдар өзгертілмек. 29 маусымда Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оны іске асыру үшін бірқатар заңға, оның ішінде "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!