“Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын“ - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы айтты. Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық.

"Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға "Әділет" атауын бердік", - деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек.

"Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе", - деді Тоқаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!