Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовтен жауап алу кезінде айыпталушы күтпеген жерден оған сұрақ қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мені Назарбаевтың бұрынғы келіні деп барлық жерде жыр қылады, неге өзі менің бұрынғы күйеу балам екенін айтпайды? Оның үстінен бірнеше рет қылмыстық іс қозғалса, мен соншалықты күшті, қауқарлы болсам, неге олар жабылып қалды?! Мені осы таңғалдырады", - деді Гүлмира Сатыбалды.
Судья бұл эмоциямен айтылған сөз екенін және оны заң тұрғысында түсіндіру керек екенін айтты. Сатыбалдының адвокаты жәбірленушінің міндеттеріне қатысты істер неге жабылғаны туралы сұрақты түсіндірді. Ал жәбірленуші Сатыбалдымен қарым-қатынасы бар екенін жасырмайтынын айтты. Оның сөзінше, айыпталушы ықпалды адамдарға, атап айтқанда бұрынғы күйеуіне арқа сүйеп әрекет еткен. Жүнісов оған қатысты істер дәлел болмағандықтан, тоқтатылғанын айтты.
Судья құрылысқа бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталған жәбірленушіге қатысты Банк ВТБ-ның процессуалдық шешімін сұрады.
"Қазір Мәскеудегі Мещанский сотының шешімі бойынша мен Банк ВТБ алдындағы борышкермін және менің шоттарым бұғатталған, жеке сот орындаушысының өкілі менен өндіріп алу үшін жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді жәбірленуші Абай Жүнісов.
Жәбірленушінің адвокаты қазір Антикор Жүнісов Сатыбалдымен бірге иелік еткен компания салған "Восточка" тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты Банк ВТБ эпизоды туралы істі тергеп жатқанын түсіндірді.
Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотта жәбірленуші айғайлап жіберді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!