Экс-министр Жақсылық Досқалиев "Білген дұрыс" YouTube-арнасына берген сұхбатында түрмеге отырған кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"1 жыл 8 ай түрмеге қамап тастады. Біркісілік камераға. Сонда денемнің жартысы қызмет атқара алмайды. Қол бар, бірақ жұмыс жасамайды. Аяқ бар, бірақ жұмыс жасай алмайды. Қылмыскер деп мені жапты. Мен не Отанды саттым ба, біреуді өлтірдім бе?! ...Адамға ең қиын нәрсе - жалғыздық. Мен кейбір сөздерді ұмытып та қалдым. Торғайлармен сөйлестім. Түрменің терезесіне торғайлар келіп ұя салды. Мен сүйретіліп барып нан беремін, солармен сөйлесетін жағдай болды. Не үшін қинағанын білмеймін", - дейді ол.
Досқалиев 2 рет денсаулық сақтау министрі, 1 жыл депутат болған, кейін 7 жылға сотталып, 1 жыл 8 айдан соң ерте босап шыққан. Сонымен қатар, ол - хирург, транспантолог, қазіргі айына 170 мың теңге зейнетақы алады.
"Мені 7 жыл деп соттады ғой. Көбі қазір "Назарбаев анадай, мынадай" дейді. Назарбаевтың арқасында шығып кеттім. Қайтадан қаратқызған, бүкіл зерттеу жүргізген. Мені шығартты. Соған мың да бір рақметімді айтамын (Назарбаевқа - еск.). Рақымшылық, сосын ақтап жіберді", - дейді ғалым.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!