- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Назарбаевпен Лимончелло іштік"....
"Назарбаевпен Лимончелло іштік". Сон Паскаль өміріндегі қызық оқиғасын айтты
Танымал италиялық әнші Сон Паскаль қандай ерекше шараларда өнер көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, бірде ол Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында ән айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті.
"Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында бірнеше рет өнер көрсеттім. Ең алғаш рет шақырғанда премьер-министр отырды, Тоқаев та сол кезде болды. Ол кезде италиялықтың қазақша ән айтуы таңғаларлық жағдай еді. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев маған: "Пасеке, балам, маған Италиядағы Теннис федерациясының президенті мына Лимончеллоны сыйлады. Дәмін татып көрші" деді. Мен иіскеп көрдім де "нағыз Лимончелло" дедім. Мен оны құдайдай көрмедім. Италиялықпын ғой, еркінмін. Ол өте мәдениетті адам екен, тіпті шығармашылыққа мұқият қарайды. Қазақстанда әлі атың шықпаған өнер иесі болсаң да сені құрметтейді, Италияда олай емес. Мен енді Президентпен (Нұрсұлтан Назарбаев - еск.) Лимончелло іштік" деп айта аламын", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек