Жазушы, драматург Дулат Исабеков Kultobe podcast youtube-арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің билікпен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділов сол кезде экс-президентке қарсы шыққан.
"Заманбек Нұрқаділовпен бетпе-бет сөйлесіп көрген емеспін. Бірақ оның ұрма мінезі бар, сол мінезінен зардап шекті. Бокс бар жерде төбелес бар ғой, саясатта өте сақтықпен сөйлеу керек. Заманбектің бір қателігі - Назарбаевқа тікелей тиісуі. "Екеуміз де жұртқа танымалмыз, кел, айтысайық" деген сияқты. Президентке олай айтуға болмайды. Саясат дегенде адам өте сақ болу керек. Мақтамен бауыздаған секілді етіп жеткізген жөн. Ал ашық кеткен адамды құрта салу оңай. Заманбек те солай ашық кетті де, Алтынбек екеуін құрта салды, атып тастады. Өйткені, қолында билік бар", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!